20 там, 2019 сағат 12:18

Тау шыңындағы альпинистерді іздестіру жұмыстары жалғасуда (Видео)

ҚР Қорғаныс министрлігі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Жеңіс шыңында жоғалып кеткен альпинистерді іздестіру жұмысы таспаланған видео ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан әскерилері Қырғызстанда Жеңіс шыңын тепловизормен шолғындап, айнала ұшып шықты. Қазіргі уақытта олар базалық лагерьде. Тепловизордың көмегімен алынған ақпаратты өңдеп жатыр. Содан кейін олар бұдан әрі қалай әрекет етуге шешім қабылдайды», - деп атап өтеді ведомстводан.