#
#
Сейсенбі 21/11/2017

Жезқазғанда Кетбұқаның ескерткіші бой көтерді

  • 09.11.2017
  • 2
  • 607

Жезқазған қаласында аңыз тұлға, жырау, күші, қолбасшы Кетбұқа бабаға ескерткіш орнатылды. Бұл туралы жергілікті «Сарыарқа» газеті хабарлады.

Октябрь Секемановтың жетекшілігімен, мүсіншілер Асқар Нартов пен Серік Рүстембековтің қиялынан туындап, қолдарымен сомдалған мүсін ұлы жыраудың  аңыз болып жеткен бейнесін барынша асқақтатып  тұр. Ескерткіштің өзі қоладан құйылып, тұғыры гранитпен қапталған. Жалпы биіктігі - 10,5 метр. Ескерткіштің ашылу салтанатына алыс-жақыннан келген халық көп болды. С. Қожамқұлов атындағы музыкалық драма театр әртістерінің күшімен қойылған көрініс Кетбұқа баба өмірінен сыр шертті.

«Біз тарихи тұлғаларымызды танымай, дәріптемей, ұлы тарихымызға үңілмей - алға баса алмаймыз. Бұл туралы Елбасы да үнемі айтып отырады. Өйткені, 800 жыл бойы өзінің лайықты бағасын ала алмай келген бабамыздың ескерткіші бүгін үлкен шаһардың қақ ортасына орнатылды. Кезінде өзі сан мәрте жортқан, ізі қалған Ұлытау өңіріне Кетбұқа тұлпарымен келіп, тұғырға қонуы ақылға қонымды, тарихи заңдылық», - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов ескерткіштің ашылу салтанатында.

Облыс басшысы өз сөзінде бұрын Кетбұқа есімін көпшілк күйші ғана ретінде білетінін, ал бүгін зерттеушілер бабамыздың жырау, ақын, би, шешен, батыр болғанын дәлелдеп отырғанын жеткізді. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқару кеңесінің бас директоры Бақтияр Әбдірахманұлы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев жерлестерін баба ескерткішінің ашылуымен құттықтады.

2 пікір

  • ШӘКІРТТЕРІБейсенбі, 09.11.2017

    Проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 9. 11. 2017ж.
    --- ӘРИНЕ ЕКЕУІ де - БІР АДАМ ?! КЕТБҰҒА дай - сегіз қырлы... бір сырлы - Данышпан, Жырау, Күйші - Ел басқарған БИДІ ... "Зардыханның - "мифтік образ" - деуі өте жаңылыс айтылған !!.. Даналығымен 23-жасында ШЫҢҒЫСҚА ға УӘЗІР болып... ЖОШЫ ға АҚЫЛШЫ болғаны... ҚҰЛАҒУ ға ҚОЛБАСШЫ болғаны да анық !!.. Иә-ә, бұл Қазақты - "мың өліп... мың тірілген" - деп бекер айтпаған ғой. Осы тарихтың барлығы да жүйеленіп ҰРПАҚ тәрбиесіне пайдаланса... келешек Ұрпағымыз - "ТӘН ҚҰМАРЛЫҒЫНАН" аттап... "ЖАН ҚҰМАРЛЫҒЫНА" - ИЕ болары анық !!.. ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ- осыны жасауға тиісті !!.. Бүкіл АҒАРТУШЫ қауым осы мақсатқа ұмтылуы керек...

  • Талғат ДемесіновДүйсенбі, 13.11.2017

    «...Кетбұқадай билерден Кеңес сұрар күн қайда?!
    Еділдің бойын ен жайлап,
    Шалғынына бие біз байлап,
    Орындықтай қара сабадан,
    Бозбаламен күліп-ойнап,
    Қымыз ішер күн қайда?!» – деп Доспамбет жырау жырлағандай Қазақтың ұлы жырау-көсемі, Иран мен Иракты, Таяу Шығысты жаулаған Құлағу әскерінің қолбасы, Шыңғысханның бас уәзірлерінің бірі Кетбұқаға Астана мен Алматыдан ескерткіш қойып, көше-даңғылдарды атаса да артық етпейді! Тағы бір бағаланбай жүрген ұлы тұлғамыз-Шыңғысханға 24 жыл бойы қасқайып қарсылық көрсеткен, Қара Қидан мемлекетінде өз билігін жүргізген Найманның Ұлы ханы Күшлік ханға да Өскеменнен ескерткіш қойып, көшенің атын беру қажет!

    Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/1503
    © e-history.kz

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар