#
#
Cәрсенбі 22/08/2018

Жетісуға келетін туристер саны 2 миллионға жетеді

  • 21.02.2018
  • 0
  • 667

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 1,5 млн. адам болса, соның ішінде 750 мыңнан астам адам Алакөлдің үлесінде. Демалысына Жетісуды қолайлы көретіндердің саны биыл 2 миллионға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтты.

Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар - Алакөл көлі жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд. теңге болатын «Феникс» ЖШС-ның демалыс аймағы, сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын «Есік» тау шаңғы курорты, жобаның құны 64 млрд.теңге.

Айта кетсек, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды. 

 

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар