15 нау, 2019 сағат 09:01

Жетісайда 20 автокөлікті тонады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 20 автокөлікті тонады деген күдікпен жергілікті  тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушілерге миллион теңгеден аса шығын келтіргені анықталды,  деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сезіктіні ұстауға жергілікті тұрғынның арызы себеп болған. Ол «Ауди» маркалы көлігінен белгісіз біреулер магнитофонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Қылмысты ашу мақсатында криминалды полиция мен жергілікті полиция қыметкерлері арасынан жедел-тергеу тобы құрылған. Нәтижесінде бұрын сотты болған әрі жұмыссыз жергілікті тұрғын ұсталды.

Қазіргі таңда аталмыш жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынып, ұрланған заттар іздестіріліп жатыр.