13 мау, 2019 сағат 22:45

Жеті өңірде бұршақ жауады – ауа райы болжамы

14 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың батысында және оңтүстік-батыстанда болжанады. Жекелеген өңірлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысында дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болжанады.

Атырау облысында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жауады.

Сондай-ақ күндіз Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.