13 шіл, 2018 сағат 15:42

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Солтүстік Қазақстан облысында 14 шілдеде кей жерлерде күндіз солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін, желдің екпіні секундына 25 метр айналасында болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 16-20 шілде аралығында кей аумақтарда күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн 43-45 градусқа дейін ысиды.

Ақтөбе облысында 17-20 шілде аралығында кей жерлерде күндіз 41-43 градус ыстық болуы ықтимал.

Қостанай облысында 18-20 шілдеде кей жерлерде ауа райы температурасы 41 градусқа көтеріледі, ал Қарағанды облысының кей аумақтарында 40-43 градусқа дейінгі ыстық күтіледі.

Қостанай облысында 14 шілде аралығында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп күтілуде. Кей өңірлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.