#
#
Сейсенбі 21/11/2017

Жеті хан жатқан Сарайшықтағы жұмыс алаңынан адам сүйектері шықты (видео)

  • 06.11.2017
  • 0
  • 443

Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қаласын сақтап қалу үшін жүріп жатқан Жайық жағасын бекіту кезінде жұмыс алаңынан  адам сүйектері шықты.

Айта кетелік, жеті хан жерленген делінетін көне шаһарды Жайық өзенінің шайып бара жатқаны белгілі. Бұны тоқтату үшін былтыр өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жергілікті қазынадан 1,5 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген еді.

Облыстық тариxи-өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипованың айтуынша, жұмыс алаңынан шыққан сүйектер арнайы зерттеулер жүргізіліп сызбалары сызылып алынғаннан кейін жиналып, ауыл маңындағы бейітке қайта жерленіп жатыр. Ол ежелде мұнда орыс казактарының, ноғайлардың және оны алтыншы ғасырдағы қазақтардың жерленгені белгілі болғанын айтты. Сүйектердің астында Сарайшық қаласы орналасқан.

Ол Жайық өзенінің жағасындағы апатты жағдайдағы қазба орнын сақтап қалу мақсатындағы археологиялық қазба жұмысының биылдан бастап қолға алынғандығын және 2020 жылға дейін жалғасатынын да хабарлады. Аяқталған қазба орындарын реставрациялау басталған. Жалпы қазба жұмыстарына тарих ғылымдарының докторы, археолог Зейнолла Самашев ғылыми жетекшілік етеді.

Ал, жағаны бекіту жұмысын жүргізіп жатқан мердігер компанияның өкілі Асқар Төленов құрылыс 2018 жылдың басында аяқталады деп жоспарланғанын айтты.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі шаһарды қалпына келтіру үшін 100 миллион теңге бөлетінін хабарлады. Қазірде қаланың орнын туристік орталыққа айналдыру көзделіп отыр.

Айта кетелік, Сарайшық Атырау қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Алтын орданың саяси, экономикалық орталықтарының бірі болған қала Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы атанды. Жібек жолының бойында тұрған мұнда, тарихшылардың айтуынша, 7 хан жерленген. Олар: Мөңке, Тоқтағу, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Ших Мамай және Жүсіп хандар. Қалашық "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» тізіміне енген. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар