16 жел, 2016 сағат 11:02

Жеңіс Қасымбек. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - қасиетті де қастерлі мереке

Құрметті достар! Барша қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына еңсесі биік, әлеуеті зор, елдігі қалыптасқан мемлекет ретінде жетіп отырмыз. 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - Біз үшін қасиетті де қастерлі мереке. Ширек ғасыр аралығында мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы, өз ана тілі, Ата заңы бар дербес әрі экономикасы дамыған мемлекеттер қатарына қосылдық. Азаттық жылдарындағы еліміздің даму тарихына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі де сүбелі үлес қосты. Экономикамыз дамыды, өндіріс ошақтары ашылды, ел мен елді жалғайтын үлкен жобалар іске асты. Қазақстан - посткеңестік елдердің ішінде бірінші болып "Шетелдік инвестициялар туралы" заң қабылдады. Соның арқасында кең көлемде инвестиция тартып, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп келеміз. Тек шикізатқа иек артпай, өндірісті де қолға алдық. Бүгінде Қазақстанның шетелге экспорттайтын тауар түрлері 500-ден асты. Бұл ақырғы меже емес. Мемлекет бүгінде ұзақ мерзімді жоспары мен даму бағытын айқындап алды. Мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, Қазақстан бүгінде дамыған 30 елдің қатарына қосылуға күш салып жатыр. 

Ширек ғасырда жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған белестеріміз ең алдымен Мемлекет басшысының ұстанған бағыты мен елдегі бірлік пен ынтымақтың нәтижесі. Баршаңызды Еліміз үшін ең маңызды мерекемен құттықтай отырып, отанымызға тыныштық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің фейсбуктегі жазбасынан