18 қаз, 2019 сағат 08:21

Жеңіліп көрмеген Абылайхан Құсайынов рингке қайта оралды

Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы, еш жеңіліп көрмеген Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) Калифорнияда жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Абылайхан әйгілі американдық тәлімгер Джеймс «Бадди» МакГирттің жетекшілігімен, отандастары Мейірім Нұрсұлтановпен (12-0, 8 КО) және Жәнібек Әлімханұлымен (7-0, 3 КО) бірге жаттығып жатыр. Құсайыновтың рингке оралатын күні әзірге белгісіз.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде Алматыда өткізген еді. Ол кезде спортшы үшінші раундта армян спортшысы Гарник Харутюнянді (3-2, 2 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

2018 жылғы күзге дейін Құсайынов Канадада Eye of the Tiger Management компаниясы ұранымен рингке шығып жүрді.