#
#
Жексенбі 16/12/2018

Желтоқсанда Қазақстанда қосымша пойыздар жүреді

  • 26.11.2018
  • 0
  • 384

Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді:

Алматы-2 - Шымкент  - ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын 2 рейс.

Астана-1 - Павлодар  - ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.

Астана-1 - Алматы-1  - ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады.

Мереке күндері жоғры сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр:

ҚР Тұңғыш Президенті күніне - 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)

ҚР Тәуелсіздік күні - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері)

Жаңа жыл мерекесіне - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан - 3 қаңтар аралығында)

Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар