#
#
Сенбі 24/08/2019

Желіде Нөкістегі алапат шаңды дауылдың видеосы пайда болды

  • 16.06.2019
  • 0
  • 583

Өзбекстан ТЖМ жедел жасақтары кеше кешқұрым Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында болған шаңды дауылдың зардаптарын жою жұмыстарымен айналысып жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өзбекстан ТЖМ деректеріне қарағанда, 14 маусымда жергілікті уақытпен 20.32-ден 20.38 аралығында соққан шаңды дауылдың жылдамдығы секундына 23 метрге жеткен.

Пайдаланушылар қаладағы ғимараттардың шатырларын ұшырып әкеткен табиғи апаттың фотолары мен видеоларын әлеуметтік желілерге жүктеуді жалғастыруда.

«Жедел жасақ бүгін де дауыл салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар көшелерді үй жабындыларынан, құлаған ағаштардан, зақымдалған машиналардан тазартуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті ТЖМ өкілі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар