15 қаз, 2018 сағат 17:50

Желіде Назарбаевтың 1993 жылғы сирек кездесетін видеосы жарияланды

Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 25-26 тамыздағы Ақтөбе облысына жұмыс сапары бойынша жаңалықтар сюжетінен үзіндісі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Видеода Қазақстан Президентінің Шевченко ұжымшарының мал өсірушілерімен сөйлескен сәті бейнеленген.

«Біз дәулетті өмір сүргенімізді қалаймын. Мен де ауылдың жігітімін ғой. Малды қалай өсіру керектігін білемін. Қашан сауу қажеттігін, қашан суару керектігінен хабардармын. Бұл - оңай шаруа емес. Бұл үлкен еңбекті қажет етеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы