16 шіл, 2019 сағат 15:57

Желіде Ирактағы мұнай терминалының өртенген сәті түсірілген видео пайда болды

Сейсенбі күні, 16 шілдеде Ирактың оңтүстік-шығысында орналасқан Басра провициясында мұнай терминалы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде оқыс оқиға жайлы кадрлар жарияланды.

БАҚ мәлім еткендей, қызметкерлерді эвакуациялауға тура келген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өртенген терминал кемелерге мұнай өнімдерін құюға пайдаланылған.