07 шіл, 2019 сағат 06:09

Желіде Флоридадағы жойқын жарылыстың видеосы жарияланды

Флорида штатында Плантейшн қаласындағы сауда алаңында сенбі күні жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды ВВС

Бұл аумақта бірнеше дүкендер мен мейрамханалар орналасқан.

Полицияның деректеріне қарағанда, 22 адам жарақат алған, оларға қалалық ауруханаларда көмек көрсетілді. Өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция жергілікті тұрғындарға әзірше сауда үйіне бармауға шақырды. Өйткені жарылыс себебі белгісіз. Қирандылар арасында бірнеше газ тұрбасының бөліктері жатыр. Оқиға орнына иісшіл иттер әкелінді.

Өрт қызметінің басшысы  жарылыс себебі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді.

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, жергілікті тұрғындардың айтуынша, оның дыбысы бірнеше шақырымнан естілген.