12 ақп, 2017 сағат 09:03

Желіде Джеки Чан мен Димаш Құдайбергеннің кездесуінде түсірілген видео пайда болды

Атақты актер Джеки Чан мен қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Видеодан Димаштың кездесуге бара жатқаны һәм оның қалай өткені жайлы көруге болады. Әйгілі актер жас орындаушыны ерекше ілтипатпен қарсы алды. Сонымен қатар, кадрлардан Джеки Чанның да ән айтқанын байқауға болады. Айта кетейік, бұл кадрлар 11 ақпанда әншінің төртінші кезеңге қатысуы алдында көрсетіліпті. 

Еске салайық, актер мен әнші 6 ақпанда кездескен болатын. "Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым!", - деп әсерін бөліскен еді әнші.