04 қаз, 2017 сағат 16:07

Желіде АН-28 ұшағының құлаған сәті түсірілген делінген видео пайда болды

Желіде АН-28 ұшағының құлаған сәті түсірілген делінген видео пайда болды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Бұл кадрлар жүк көліктері автотұрағында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодағы мерзім қайғылы оқиға болған күнгі уақытпен сәйкес келеді - 3 қазан, 18.47. Күн қарауытқан сәт, көше шамдары жағылған. Жаңбыр жауып тұрғанын да аңғаруға болады.  

46-шы минутта бастапқыда құлап, кейін өртенгенін байқауға болады. 

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.