21 қаң, 2019 сағат 10:14

Жекешелендіруден 230 млрд теңге табыс түсті – Есімов

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 2018 жылы жекешелендіру аясында компанияға 230 млрд теңге мөлшерінде пайда түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«Жекешелендіру кешенді бағдарламасы аясында 31 актив сатылды. Нәтижесінде 230 млрд теңге пайда түсті», - деді ол өткен жылды қорытындылауға арналған отырыста. 

Сонымен қатар Ахметжан Есімов былтыр «ҚазАтомӨндіріс» компания акцияларының халықаралық IPO-ға шығарылғанын атап өтті.

«Бұл 451 млн доллар пайда табуға мүмкіндік берді. Қаржы ұлттық қорға түсті», - деп түйіндеді сөзін Басқарма төрағасы.

Айта кетейік, осыған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өткен жылы қанша таза пайда тапқанын хабарлағанбыз.