#
#
Жексенбі 26/05/2019

Жазушылар одағында «Әдеби жыл» қорытындысына арналған жиын өтті

  • 20.04.2019
  • 0
  • 957

19 сәуір Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дәстүрлі «Әдеби жыл» қорытындысына арналған жиын өтті. Оған Жазушылар одағы басқармасының өкілдері, одақ мүшелері, зиялы қауым һәм өзге де қаламгерлер қатысты.

Дәстүрлі «Әдеби жыл» қорытындысына арналған жиын Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің алғысөзімен ашылды. Жазушылар одағы «Проза» кеңесінің төрағасы Қуандық Түменбай бір жыл ішінде жарық көрген прозалық еңбектер мен бүгінгі таңдағы прозаның жай-күйіне тоқталса, «Поэзия» кеңесінің төрағасы Нұржан Қуантайұлы жыл бойы оқырманға жол тартқан жыр жинақтары туралы баяндама жасады. 


Ал, әдеби сын тақырыбында Жанғара Дәдебаев сөз сөйлесе, аударма төңірегіндегі әңгіме тізгінін Заманбек Әбдешев жалғады. Жазушы Арасанбай Ерестенов Қазақстандағы балалар әдебиетінің жаңа есімдермен толығып жатқанын айта келе, бірқатар шығармаға жеке-жеке тоқталып өтті.

Сондай-ақ, бұл жиында Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегерлері марапатталды. 2017-2018 жылғы "Алаш" сыйлығының иегерлері 5 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағының Секретариат мәжілісінің шешімімен жарияланған еді. 

2017 жылдың иегерлері:

1. Ғұсман Жандыбаевқа «Арман ауыл» өлеңдер жинағы үшін;

2. Нұрдәулет Ақышқа «Рақымсыз көктем» әңгімелер жинағы үшін;

3. Сайлаубай Жұбатырұлына «Абыржы» 3 томдық шығармалар жинағы үшін;

4. Қайсар Әлімге «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа». Хикаят сапарнама (екі тілде) үшін;

5. Шәмшабану Хамзаға ІІ томдық шығармалар жинағы үшін;  

6. Мира Шүйіншәлиеваға «Ар азабы» пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;

7. Дәулеткерей Кәпұлына «Терісбұрау» өлеңдер жинағы үшін;

8. Мырзан Кенжебайға «Өттің, дүние» өлеңдер жинағы үшін;

9. Сайлаубай Тойлыбаевқа «Сарноқай саздары» ІІ томдық өлеңдер жинағы үшін;

2018 жылдың иегерлері:

1. Нармахан Бегалиевке «Жаз – жалбыз» өлеңдер жинағы үшін;

2. Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағы үшін;

3. Байбота Қошым-Ноғайға «Жұмақ нұры» өлеңдер жинағы үшін;

4. Нұржан Қуантайұлына «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағы үшін;  

5. Дәурен Қуатқа «Бөрісоқпақ» әңгімелер жинағы үшін;

6. Өмірзақ Қажымғалиевке «Жаңғырық» трилогиясы үшін;

7. Мінуар Әкімхановқа «Көңілге тұнған көп сурет» өлеңдер жинағы үшін;

8. Патигүл Мақсатоваға (Патям) «Хар пәсилнин гузаллиги бар» өлеңдер жинағы үшін;

9. Әмина Құрманғалиқызына «Әулет пен нәубет» шығармалар жинағы үшін;

10. Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағы үшін;

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар