09 шіл, 2019 сағат 12:48

Жазғы демалысқа деп 6,5 кг теңге жинаған оқушы оны Арыс балаларына жолдады

Түркістан облысы, Созақ ауданында тұратын оқушы Серікболсын Аманбайұлы жазғы демалысына деп жинаған 6,5 келі теңгесін Арыс қаласындағы балаларға тарту етті. Оның бір жыл бойы жинаған ақшасы 54 мың 360 теңгені құраған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектептің 5-ші сынып оқушысы қомақты ақшасын Арыс қаласында жүрген жауапты мамандарға тапсырған. Жеткіншек ақшаны беріп жатқан кезде теңгені не үшін жинап жүргенін түсіндіріп кеткен.

«Жазда демалыс кезінде Шымкент қаласына қыдырамын деп жинаған болатынмын. Бірақ Арыс қаласындағы жағдайды естіп, өзім сияқты балаларға берген дұрыс деп шештім» - дейді Серікболсын Аманбайұлы.