21 ақп, 2020 сағат 15:02

Жайықта автокөлік мұз астына түсіп кетті

Жайық өзенінде «Фольксваген Шаран» автокөлігі мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 ақпан күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұсында орын алды.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының күшімен (4 қызметкер) 1997 жылғы аталмыш автокөлік 20 ақпан күні сағат 17.15-те судан шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ.