13 там, 2019 сағат 13:41

Жасы 500 жылдан асқан тірі акула табылды

 

Ғалымдар Солтүстік Атлантикадан жасы шамамен 500 жылдан асқан акуланы тапты, деп хабарлайды The Sun.

Оның гренландиялық акула түріне жататыны аталып өтілді.

Әдетте, акуланың жасын денесінің көлеміне қарап анықтауға болады, себебі мұндай акулалар жылына бір сантиметрден ғана өседі.

Табылған акуланың денесінің ұзындығы 5,4 метрді құрайды.

Жануар 1505 жылы тууы мүмкін.