20 мам, 2019 сағат 11:14

«Жастар жылы» аясында жыр мүшәйрасы жарияланды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл ел өміріндегі тарихи оқиға болды. Жаһандану дәуірінде Қазақстанның жарқын болашағы жалынды жастарға үлкен жол ашылмақ. Азаттық аясында туып, жас мемлекетіміздің жаңа Астанасымен қатар қанат жайып өсіп келе жатқан бүгінгі жастардың рухы биік, арманы асқақ. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», – дегендей, іргесін бекітіп, әлемге танылып отырған біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны тіптен бөлек. 

Ендеше, «Жастар жылы» аясында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды. Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындарын аламан жыр бәйгесіне қатысып, өз бақтарын сынауға шақырады.

Мүшәйра тақырыбы «Жастықтың оты жалындап...». Хәкім Абай сөзін алға тартып отырмыз. Жастар – қай заманда болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

– деп кеше Мағжан жырлаған жастар бүгінде әдебиет әлемінде өзіндік өрнегін салып, қалыптасып келеді. Жастар жылы аясында, талантты жастарды қолдауды өзімізге мақсат еттік.

Мүшәйраға еліміздің 35 жасқа дейінгі жас ақындары қатыса алады. 

Тақырыпқа шектеу жоқ. Ұлы дала төсінде мәңгілік ел болуға қадам басқан қазақ елінің бүгінгі жарқын келбетін, ертеңгі ұрпақ мұратымен ұштастыра жырлау ақындардың өз шабытына байланысты.

Ендеше жүйріктерді жыр мәресінде күтеміз!

Мүшәйра жүлделерінің қаржылай көлемі өте қомақты: 

Бас жүлде 

Бірінші орын – біреу 

Екінші орын - екеу 

Үшінші орын – үшеу

Ынталандыру сыйлығы – бесеу 

Мүшайраға еш жерде жарық көрмеген толғаулар, топтама өлеңдер 2019 жылдың маусым айының 1 – не дейін қабылданады.

Мүшайра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланады. Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекен-жайға жіберу керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштаға жолдауға болады.

Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі керек. 

Индекс: 010000, Астана қаласы, М.Әуезов көшесі 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин мұражайы. Тел. 8(7172)32-84-67, 53-34-03.

Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кетудегі барлық шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.