06 қаз, 2017 сағат 11:03

Жасанды интеллект адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнын баса алмайды - Әбдірахманов

Жасанды интеллект қанша дамыса да адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнын баса алмайды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО) түлектерінің ІV халықаралық форумында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Төртінші өндірістік революцияның арқасында технологиялар дамып, әртүрлі салаларда жаңалықтар ашылып жатыр, дегенмен жаңа қауіптер мен сын-тегеуріндер де туындауда. Жасанды интеллект қанша дамыса да, ол адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнын баса алмайды. Сондықтан адам капиталын дамыту - прогресс пен адамзатты дамытудың негізгі шарты болып саналады», - деді ведомство басшысы.