02 нау, 2020 сағат 10:09

Президент «Барыс» капитаны Даррен Дицқа алғыс айтты: Жарайсың, Дәурен!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін», - деп жазады Мемлекет басшысы instagram парақшасында.

Еске салсақ, «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.