05 қыр, 2019 сағат 07:19

Жапонияда пойыз жүк көлігімен соқтығысып, рельстен шығып кетті

Жапонияда Токионың маңындағы Иокогама қаласында жолаушылар пойызы жүк көлігімен соқтығысып, рельстен шығып кетті. Бұл туралы бейсенбі күні Жапонияның қоғамдық телеарнасы хабарлады.

Кем дегенде 17 адам зардап шеккен оқиға теміржол өткелдерінің бірінде болған. Жапонияның қоғамдық телеарнасы көрсеткен кадрларда пойыздың алдыңғы вагоны қатты зақымдалған. Оқиға орнында қою түтін шығып жатыр.

Қазір ол жерде құтқарушылар жұмыс істеуде. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.