12 ақп, 2020 сағат 07:02

Жапонияда круиздік лайнерде коронавирус жұқтырғандар саны 175 адамға жетті

Жапонияда карантин жарияланған Diamond Princess круиздік лайнерінде тағы 39 адамның тесті коронавирусқа оң нәтиже берді. Індет жұқтырғандар саны 175 адамға жетті. Олардың арасында карантиндік инспектор да бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Japan Today-ге сілтеме жасап.

Diamond Princess лайнері 3 ақпан күні Иокогамуға келгеннен кейін екі аптаға карантинге орналастырылды. Жолаушылардың бірінен коронавирус табылды.

Кеме бортында 3700 адам болған. Diamond Princess әлемдегі ірі круиздік лайнерлердің бірі Princess Cruise Lines-ге тиесілі.

Кейбір БАҚ-тың мәлімдеуінше, үкімет егде жастағы адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға карантин мерзімі аяқталғанға дейін, 19 ақпанға дейін жағаға шығуға рұқсат беру мәселесін қарады, бірақ оларды қайда жіберу керектігін анықтау үшін уақыт қажет.

Japan Times ағылшын тілді газетінің дерегі бойынша, круиздік кемедегі жолаушылардың 80%-ы 60 жастан асқандар, соның ішінде 215 адам 80 жастан асқан және 11 адам 90-нан асқан.

Kyodo агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, 39 адамның 10-ы экипаж мүшесі. Ауру жұқтырғандар арасында 10 Жапония азаматы, қалғандары 11 елдің, соның ішінде АҚШ пен Қытай азаматтары. Төртеуі ауыр халде жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Жапонияның круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 70-ке жеткені туралы хабарлаған болатынбыз.