#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Жапония «Хагибис» тайфуны салдарынан сусыз қалды

  • 18.10.2019
  • 0
  • 145

Сұрапыл Хагибис тайфуны салдарынан Жапонияның орталық және солтүстік-шығыс бөліктеріндегі 100 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен пәтер алтыншы күн сусыз отыр, деп хабарлайды Жапонияның қоғамдық телеарнасы.

Елдің орталық бөлігіндегі, соның ішінде астанасындағы, Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы 98 мың тұрғын үй құбыр суынсыз қалған. Жергілікті тұрғындарға суды армиялық цистернамен әкелуде.

Қазіргі таңда Жапонияда белсенді іздестіру операциялары, сондай-ақ, 78 адамның өліміне себеп болған Хагибис тайфунының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Елдің тағы да 9 азаматы із-түссіз жоғалған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар