17 шіл, 2019 сағат 19:48

Жәнібек Қожық: Ұлттық кеңеске үлкен сенім артып отырмыз

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне үлкен үміт артып отырмыз. Мұндай пікірді аталған кеңестің мүшесі Жәнібек Қожық мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – ол билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болады деген сенімдемін. Оған үлкен үміт артып отырмыз. Сол кеңестің ішіне кіргеннен кейін мемлекетке де, халыққа да тиімді, маңызды мәселелерді, жобаларды ұсынып әрі талқылап, көптеген заңдардың шығуына, қажетті өзгерістердің болуына шамамыз келгенше атсалысамыз. Басталғалы жатқан ісіміз сәтті болады деген ойдамыз», - деді Жәнібек Қожық Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысында мемлекетіміздің дамуына қатысты ауқымды мәселелер қаралатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды, Айта кетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ кеңестің құрамына кімдер енгені белгілі болды.