31 қаз, 2019 сағат 08:30

Жәнібек Әлімханұлы қазақ боксы стилін тарихта қалдыруға уәде берді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) 9 қарашада өтетін айқасы бұрынғыдан өзгерек болатынына уәде берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл жекпе-жек бұрынғыдан өзгерек болады. Біз дайынбыз! Бұйыртса, өздеріңіз күткеннен де қызық жекпе-жек тамашалайсыздар! Маған сенім артып, қолдап, жылы пікір жазып жатқандарыңызға көп рахмет. Сіздер болып, біз болып әлі әлемді шулатамыз. Біз QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-парақшасында.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 39 жастағы канадалық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізетіні бұған дейін хабарланған болатын. 26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды.

Ол соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғаған болатын.