13 сәу, 2019 сағат 10:44

Жәнібек Әлімханұлы: Бұл - менің ғана емес, елімнің де жеңісі (Видео)

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) мексикалық Кристан Оливаспен (16-5, 13 КО) жұдырықтасып, екі титулдық белбеуді жеңіп алды, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жәнібек Лос-Анджелесте өткен Василий Ломаченко - Энтони Кролла арасындағы жекпе-жекттің андеркартында жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен Оливастан басым түсіп, орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.

"Жеңістеріңіз құтты болсын! Бұл - менің ғана жеңісім емес, сіздердің де жеңістеріңіз! Мынау менің алғашқы он раундық жекпе-жегім, бұл он раундта толығымен бокстасып, жинаған тәжірибемізді көрсетіп жатырмыз. Құдай қаласа, алдағы уақытта қазақ стилін осылай шыңдап, бұдан да үлкен жекпе-жектер өткізіп, жеңіске жетеміз!", - деді Ж.Әлімxанұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.