#
#
Сейсенбі 17/07/2018

Жанарбек Әшімжан - «Ана тілі» газетінің бас редакторы

  • 09.07.2018
  • 0
  • 320

Белгілі ақын, қарымды журналист, дарынды публицист Жанарбек Әшімжан Ұлт басылымы – «Ана тілі» газетінің бас редакторы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жанарбек Әшімжан 1976 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы туындылары аудандық «Хантәңірі», облыстық «Жетісу» басылымдарында жарық көрген.
1996 — 1999 жылдары қалалық «Алматы ақшамы» газетінде тілші, 2000 жылы «Қазақстан» журналында бөлім редакторы қызметтерін атқарған. 2000 — 2005 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, 2005 — 2008 жылдары республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет еткен. 2008 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Жұлдыз», «Простор», «Сын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеттерін біріктірген «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, сондай-ақ "Қазақ әдебиеті" басылымының бас редакторы болған.
2002 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері. Түркістан қаласында өткен Өмірбай Сәуірбаевқа арналған республикалық жыр мүшәйрасының I жүлдегері, «Тұран Әлем Банкі» ұйымдастырған республикалық жыр бәйгесінің, «Бір өлең — бір әлем» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының «Журналистикаға сіңірген еңбегі үшін» арнайы медалімен марапатталған. 2009 жылы ҚР Үкіметінің арнайы жарлығымен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанған. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған.

Өлеңдері 2004 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар антологиясына» енген. «Панда жылаған жаз» кітабының авторы.

Осы орайда, Ұлт порталы қабырғалы басылымның тізгінін ұстаған ақынды ерекше ықыласпен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар