13 қаң, 2020 сағат 11:55

Жаңаөзенде 250 келі бекіре балығы тәркіленді

Жаңаөзен қаласында 250 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Департамент таратқан хабарламада 12 қаңтар күні «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жаңаөзен қаласындағы пәтерлердің бірінен жалпы салмағы 250 келіні құрайтын 77 дана бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленгені жазылған.

Аталған дерек негізінде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.