14 там, 2017 сағат 22:04

Жаңалық болар жаңа есім

«Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл  тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр», – деген еді Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында.

Біздің жанымызда Тәуелсіздік дәуірінде туған көптеген көрнекті замандастарымыз бар.

Олардың өмірден алынған әңгімелері кез-келген статистикадан артық сендіре алады. Біз оларды өзіміздің теледидарлық деректендірудің кейіпкерлері етуге тиіспіз. Біз оларға еліктеудің, өмірге деген парасатты және ақиқат көзқарастың үлгісі етуіміз керек.

Қазіргі қазақстандық, ол кім? Табысқа қол жеткізу үшін, қандай қасиеттерге  ие  болуы  керек?  Қиын  жағдайларда  ол  нені  басшылыққа алады? Осы сұрақтарға «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жауап береді.

Жобада нақты  мамандықтардың  иелері, қазіргі    Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан замандастарымызкөрсетілетін болады. Өз кезегінде  бұл  халықтың  өз  күшіне  сенуініңжәне  болашақта  дамуға ынталандырудың қайнар көзіне айналады.

Сонымен қатар, «100 жаңа есім» бағдарламасы жас ұрпақ үшін бағдарболады.  Жасына,  жынысына,  ұлтына  және  діни  сеніміне  қарамастан, осы адамдардың жетістіктерінің тарихы өміргедеген парасатты және ақиқат көзқарастың призмасына айналады.

Аталмыш бағдарламаның мынадай мақсаттары бар:

Қоғамға өз   қолымен,   ақылы   мен   талантының   арқасында заманауи Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосып жүрген шынайы тұлғаларды көрсету.

Біздің көрнекті  замандастарымызға  қолдау  көрсету  және дәріптеу үшін жаңа мультимедиялық ақпараттық алаң жасау.

Жалпы ұлттық ғана емес, сондай-ақ өңірлік «100 жаңа есім» жобаларын жасау.   

Ұлтымыздың алтын қорын құрайтын тұлғаларды білуге тиіспіз.