19 қар, 2018 сағат 12:26

Жаңақорған ауданында 63 отбасы қоныс тойын тойлауда

Жаңақорған ауданында "Шалқия Цинк" АҚ мен "Стройсервис СК" ЖШС қызметкерлеріне арналған 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғынүй пайдалануға берілді. Қос тұрғынүйдің жалпы көлемі - 3 мың м2.

«Бүгінгі күні баспана елдегі ең өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Дегенмен, өңірде баспана мәселесін шешудің оңтайлы жолдары қарастырылып, түрлі байыпты бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асуда. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында облыста арнайы «Орда» тұрғынүй құрылысының «Жол картасы» әзірленіп, облыстық бюджеттен жыл сайын қажетті қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Оны іске асыруға 3,5 млрд. теңге қарастырылды. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктерін апатты үйлер мен жатақханаларда тұрған тұрғындар пайдаланып үлгерді Осылайша, "Орда" бағдарламасы Елбасы бастамасының жүзеге асуының нақты көрінісі", - деді аймақ басшысы.

Қоныс той иелері де өз қуаныштарын жеткізді.

"Ең алдымен, Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына үлкен алғысымды білдіремін. Жеке тұрғын үй алу кез келген адам үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Бұған дейін біз ата - анамызбен бірге тұрдық, бүгін жаңа екі бөлмелі барлық жағдайы жасалған жайлы пәтерге ие болып отырмыз", - деді "Шалқия Цинк" АҚ қызметкері Руслан Еңсегенов.