03 қаң, 2018 сағат 10:49

Жаңа жылдың бірінші тәулігінде елімізде 615 қылмыс жасалды

Жаңа жылдың бірінші тәулігінде елімізде 615 қылмыс жасалды. Бұл жайында ҚҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңажылдық мереке күндері қазақстандық полиция қызметтерін күшейтілген режімде жүзеге асырды. Жаңа жылдың бірінші тәулігінде елімізде 615 қылмыс тіркеліп, оның 240-ы ізі суымай ашылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бірде-бір ірі оқиға орын алмады», - деді Алмас Садубаев.