06 қар, 2019 сағат 14:42

Жаңа жылда қанша күн демалыс болады?

Үкімет 2020 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

 

«Демалыс күндері:

 

- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;

 

- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;

 

- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде.

 

Бұл қаулы ресми жарияланған уақытынан күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.