25 қаз, 2019 сағат 07:13

Жаңа технология жүк көлігі жүргізушілерінің денсаулығын жақсартуға көмектеседі

Ұзақ жолға арналған ауыр жүк көліктерін шығаратын өндірушілер кабинаның дизайнын жақсартып қана қоймай, жүргізушілерге қауіпсіз әрі жайлы жағдай туғызуы керек.

Америка Құрама Штаттарында 40 миллионға жуық адам жұмыстағы жайсыздықтан зардап шегеді. Кейбіреулер күні бойы компьютердің алдында отырғаны үшін, ал кейбіреулер бірсарынды қимылды қайталай бергеннен денсаулығына зиян келтіреді.

Осы айтылғандардың ішінде кәсіби жүк көлігін жүргізушілерге де қауіп төніп тұр. Олар сағаттар бойы жүк көлігінде отырғаннан және ауыр көлікті басқарғаннан буындары мен бұлшықеттеріне салмақ түседі. Volvo Trucks компаниясының жақында жасаған зерттеулеріне сүйенсек, 80% кәсіби жүргізуші жұмыс салдарынан мойны, арқасы және қол буындары ауыратынын растаған.

Көптеген жұмыскер жұмыста кездесетін жайсыздықтың жылдарға созылып, денсаулыққа айтарлықтай әсер ететінін біле бермейді. Ал кейбіреулері білген күнде де, оны проблема деп қабылдамайды және оған шыдап өмір сүре беруге болады деп ойлайды. Өкінішке қарай, осындай жайсыздықтар жүргізушілердің жұмысқа шығуын сиретіп немесе кәсібімен біржола қоштасуына әкеліп соғады. Volvo Trucks жасаған зерттеу нәтижесі бойынша, 10 жүргізушінің төртеуі денсаулығында пайда болған жайсыздыққа байланысты жүргізушілік кәсіпті әрі қарай жалғастырудан күмәнданады екен.

Аралас жекпе-жек шебері, сынықшы доктор Бью Хайтауер жүргізушілерді мобильді емхана арқылы емдейді. Дәрігер Бьюдің еміне барған жүргізушілердің айтуынша кәсіби ауру салдарынан олардың өмірінде өзгерістер пайда болған. Мысалы, бір егде жастағы жүргізуші немересімен ойнай алмаған, ал бірі соңғы кезде мүлдем билеуден қалған. Тіпті біреуінің қолдары шаншып ауырып, ұйып қалатын болған.

Дәрігер Хайтауер: «Кәсіби жүргізушілер өз ағзаларын шамадан тыс шаршатады. Уақыт өте келе бұл бұлшықетті өзгертіп, сүйектерге әсер етеді. Олар қолдарын сезе алмай қалған кезде жүйкесі қозғалып, бас аурулары басталады. Бұл адамдар біздің экономикамыздың қозғаушы күші және олардың астындағы көлік денсаулықтарына зиян келтірмейтіндей, қажетті технодлогиямен жабдықталуы керек», - деп есептейді.

Бақытымызға орай, Хайтауер сияқты мамандар жұмыс орнындағы жайсыздықтан зардап шеккен адамдарға көмектесе алады. Оның «Мойын үзу» деп аталатын мобильді емханасынан шыққан науқастар ем-шарадан кейін өздерін жақсы сезінген. Бірақ көп жағдайда, аурудың салдармен күрескеннен гөрі, мәселенің түп төркінін тауып, оны жою маңыздырақ.

Тауар өндірісінің бірқатар саласында өнімді денсаулыққа зиян келтірмейтіндей етіп жасау қалыпты жағдайға айналған. Аяқ киім өндірушілері күні бойы тік тұратын адамдар үшін зиянсыз ортопедиялық аяқ киімдер тігеді. Ал кеңсе жиһазы эргономикалық әрі ыңғайлы болуы керек. Көптеген компания жұмыс орындарында қозғалыстың қауіпсіздігі мен бірсарынды әрекеттерді азайту арқылы жұмыскерлердің буындарының шаршамауын қадағалайды.

Ұзақ жолға арналған ауыр жүк көліктеріне келетін болсақ, соңғы кезде олардың кабинасына жалпылама жақсарту жұмыстарын жүргізген. Ескі креслолар жайлы эргономикалық креслолармен алмастырылып, жақсартылған шанақты қосу арқылы Volvo Trucks жүргізушілерге қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуде көш бастады. 2007 жылы ең үздік I-Shift автоматты редукторларын іске қосып, жүргізушінің иығына түсетін салмақты азайтты. Бүгінгі таңда Volvo Trucks Солтүстік Америкада жаңа динамикалық басқару жүйесін алғашқылардың бірі болып енгізді. 

Volvo Trucks-тың Солтүстік Америкадағы бренд маркетинг және коммуникация бөлімінің директоры Фрекрик Клевенфелдтің айтуынша, жаңа динамикалық басқарудың артықшылығы – ұзақ уақыт бойы көлік айдаған жүргізушілердің шаршағанын жеңілдетеді.

Жаңа жүйедегі коспьютер басқару рөлінен келетін мәліметтерді секундына екі мың рет тіркеп тұрады. Бұл мәліметті басқару коланнасындағы дірілді төмендетіп, жылдамдық тежеуді 85% азайтады, жолдың сапасы нашар болып, жел тұрса да жүргізушінің тасжолдағы бағытын ұстап отыруға жағдай жасайды.

Ауыр жүк тасуға тәуелді болған заманда, экономиканың ең ауыр жүгін тасып жүрген жүргізушілердің денсаулығы мықты, қозғалысы қауіпсіз болғаны үлкен маңызға ие.

Мақаланың түпнұсқасы: usatoday.com