#
#
Дүйсенбі 22/07/2019

Жаңа тағайындалған министрлер ант берді

  • 18.06.2019
  • 0
  • 418

Үкіметтің кезекті отырысы жаңадан тағайындалған министрлердің ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды  "Ұлт ақпарат".

Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті, экология, геология және табиғат ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиевті, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы және сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Осыдан кейін Аймағамбетов, Мырзағалиев және Райымқұлова оң қолын Конституцияға қойып, қазақ тілінде ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық, конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді олар.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Жарлығымен Күләш Шәмшидинова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босап, оның орнына Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалған болатын. Ол бұған дейін де білім министрлігінде қызмет етті. Ал бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына орынбасары Ақтоты Райымқұлова келді.

Тоқаевтың Жарлығымен екі министрлік құрылды. Сауда және интеграция министрлігін Нұр-Сұлтан қаласының экс-әкімі, бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, ал экология, геология және табиғат ресурстары министрлігін бұрынғы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев басқарды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар