28 қаз, 2016 сағат 22:16

Жамбылдықтар ШҚО-ға ауылшаруашылық жәрмеңкесіне 150 тонна өнім әкелді

ШҚО-да Жамбыл облысының күндері аясында Өскеменде Жамбыл облысының екі күндік ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде.

«Freshmarket»  дүкенінің аймағында Жамбыл облысының шаруа қожалықтары төмен бағамен өз өнімдерін саудаға түсірді. 

Жәрмеңкеге Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданы, «Тараз» сауда компаниясының өнімдері әкелінді. Жалпы, ШҚО тұрғындары мен қонақтарына 20 тонна ет, 1,5 тонна құс еті, 12 тонна сүт өнімі, 80 тоннадан астам көкөніс және жеміс-жидек, 5 тонна балық, 1200 тонна бал өнімдері, 4200 тонна ұлттық өнім ұсынылды. Әкелінген экологиялық таза өнімнің мөлшері 150 тонна, жалпы құны 96 млн теңгені құрады. 

Жәрмеңкеге келген Шығыс Қазақстан облысының және Жамбыл облысының әкімдері Даниал Ахметов пен Кәрім Көкрекбаев азық-түлік сапасына жоғары баға беріп, бағалардың тиімді екенін атап өтті.  

Жәрмеңкемен қатар Жамбыл облысының шығармашылық ұжымдарының концерті, спорттық жарыстар өткізілді.