04 сәу, 2020 сағат 12:33

Жамбылда облысында коронавирус жұқтырған 9-шы адам - Түркия азаматы

Жамбыл облысында тіркелген коронавирустың тоғызыншы дерегі Түркия азаматынан анықталған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталған науқас Бішкек-Алматы бағыты бойынша жүк тасымалдаған 59 жастағы Түркия азаматы болып шықты.

Алгоритмге сәйкес медициналық қызметкерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат Қырғызстан-Қазақстан шекарасынан енген уақытта карантиндік стационарға оқшауланған. Одан коронавирусқа алынған талдаулар оң нәтиже берді. 

Жақын байланыста болған төрт адам анықталып, карантинге орналастырылды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Науқастың болған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді.