#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Жамбылда Конго-Қырым қанды безгегінің табиғи ошағы азайған

  • 16.10.2019
  • 0
  • 165

Жамбыл облысында Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің табиғи ошағы 84-тен 48-ге кеміді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы баспасөз конференциясында Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Қартабаев атап өтті. Оның айтуынша, облыста ветеринарлық жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда.

«Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің табиғи ошағында орналасқан жекелеген елді мекендерде 3 жыл көлемінде ауру тіркелмегендіктен және ауру қоздырғышын тасымалдаушы кене анықталмауына байланысты биыл осындай елді мекендер саны 83-тен 48-ге кеміді. Кенеге қарсы жұмыстардың көктемгі екі кезеңі толық аяқталды. Нәтижесінде жоспарға сәйкес 48 елді мекенде көлемі 4 743 647 шаршы метр болатын 17 917 қора жай, 502 238 бас мал кенеге қарсы 100 пайыз дәріленді», - деді Қанатбек Қартабаев.

Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарының күзгі 3 кезеңі атқарылуда. Сондай-ақ, табиғи ошақта 22 мал тоғытпасы және 38 душ қолданысқа алынған. Қора-жайларды дезинфекциялау жұмыстары 17 ДУК автокөлігімен жүргізілуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар