#
#
Сейсенбі 22/10/2019

Жамбылда бір қора мал өртеніп кетті

  • 12.08.2019
  • 0
  • 506

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында жеке шаруа қожалықтың қорасы өртеніп, 90 бас мал өртеніп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқыс оқиға 11 тамыз күні болған. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сағат түнгі 23:46-да Жамбыл ауданы, Қоңыртөбе ауылының шетінде «Ғалымжан» шаруа қожалығы аумағында шаруашылық құрылыстары мен шөп қорасы отқа оранды. Соның салдарынан 200 тонна шөп өртеніп және 90 бас мал жанып кетті. Оның 67-сі сиыр, 5-уі жылқы және 18-і қой», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өртің себебі анықталып жатыр.

Өрт сағат 03:34-те оқшауланып, сағат 07:04-те сөндірілген. Сөндіру жұмыстарына 37 қызметкер және 8 техника жұмылдырылған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар