#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Жамбыл облысының өз «Шымбұлағы» болады - Асқар Мырзахметов

  • 08.11.2018
  • 0
  • 244

Жамбыл облысындағы "Қаралма" тау-шаңғы базасы 2019 жылдың қаңтар айында ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Курорттық тау-шаңғы базасы Жуалы ауданының Қаралма шатқалында орналасқан. Қаралма шатқалы Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының ортасында орналасқан және халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінен  10 шақырым жерде тұр. Бұл туристердің жол-жөнекей соғып, емін-еркін демалып кетуіне мүмкіндік береді.

"Заман талабына сай тау-шаңғы базасы құрылысының әзірге 60 проценті аяқталды. Жақында ғана құрылыс барысын тексеріп келдік. Әрине, қазіргі ауа райы құрылысқа қолайсыз, дегенмен барлық орнату жұмыстары 2019 жылдың басында аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Аспалы жолдардың барлығы сатып алынған және қазір орнатылып жатыр", - деп жауап берді А. Мырзахметов журналистер сұрағына. 

Оның айтуынша, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін алдағы үш жылда өңірде 30 спорт кешенін тұрғызу жоспарланған. Оның ішінде жеңіл атлетика және гимнастикалық манеждер, мұз сарайы және тау-шаңғы базасы бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар