#
#
Cәрсенбі 22/08/2018

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

  • 07.02.2018
  • 0
  • 1076

Жамбыл облысының экс-әкімі Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысында туған. Алматы теміржол  көлігі  институтын жол  қатынастары инженері мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, құрметті теміржолшы.

Әр жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі, Табиғи ресурстар  және  қоршаған ортаны қорғау вице-министрі,  «ЭйрҚазақТур» ЖШС-ның бас директоры, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының  вице-президенті, басқарушы директор, даму жөніндегі вице-президенті,  бас инженер болып  қызмет еткен.  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімнің бірінші орынбасары лауазымында болды.

2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар