#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Жамбыл облысында мас күйінде көлік айдаған шенеунік жазаланды

  • 10.09.2019
  • 0
  • 112

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында бірнеше жеке істер қаралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасында мәлім еткендей, әдеп жөніндегі кеңес ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді қарады. 

Осылайша, Жамбыл облыстық Көліктегі тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Әлмир Исенгелдин орташа мас күйінде көлік айдағаны үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Ә.Исенгелдин жасаған заңсыздығын жасырмай, басшылыққа іс-әрекеті жөнінде уақытында хабар бергені үшін әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері оны ескерту түріндегі тәптіртік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдірді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінде.

Ведомствода атап өткендей, ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінің алғаш рет «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында айтылған талаптары мен нормаларының сақталуы мемлекеттік қызметкер болу қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің нышаны екенін білдіріп, мемлекеттік қызметкердің моральдық-этикалық бейнесіне және атқаратын кәсіби ісіне жоғары талап қояды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар