#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Жамбыл облысында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды

  • 21.09.2019
  • 0
  • 441

Жамбыл облысының «Айша бибі» полигонында Қазақстан мен Ресейдің таулы-егерлік бөлімшелерімен бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

10 қыркүйекте басталып, он күнге созылған оқу-жаттығудың соңғы күні қарулы қақтығысты оқшаулау және жолын кесу бойынша арнайы әскери іс-қимылдарды өткізуге арналды. Шара барысында қатысушылар ерекше кезең – Қаратау тауларынан жаяу өтіп, сыналды. Онда әскери қызметшілер таулы-қорықшы бөлімшелеріне тән дайындық дағдыларын көрсетіп, ұзындығы 60 км болатын бағытты бір тәулік ішінде жүріп өтті. Олар белгіленген шарт бойынша тауда түнеді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Теріс -Ащыбұлақ» және «Айша бибі» полигонында өтті. Әскери қызметшілер жауынгерлік, тау-егерлік және атыс даярлығы бойынша бірлескен іс-қимылдарды орындады. Белсенді кезең барысында шартты қарулы қақтығысты оқшаулау және кесіп өту бойынша арнайы әскери операция жүргізілді. Әскери техника колоннасы «Терис-Ащыбұлақ» полигонынан «Айша бибі» полигонына дейін маршпен өтті.

Айырықша ерекшелігі таулы жерлерде әскери жүктерді тасымалдау үшін жүк аттарын пайдалану болды. Оқу-жаттығуға Қазақстан Қарулы Күштерінің тау-егерлік бөлімшесі, Шекара қызметі мен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жиынтық тобы, 100-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

«Біз әрқашан кез келген шақыруларға дайын болуымыз керек. Осы мақсатта біз кез келген қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету тетігін іс жүзінде пысықтау үшін осындай оқу-жаттығу», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар