20 там, 2019 сағат 08:20

Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді. Ер адамның денесі қорада табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жамбыл облысының тұрғыны өзінің көршісін пышақтап өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деді Жамбыл ауданы полиция бөлімі тергеу жөніндегі басшысының орынбасары Дәулетжан Бектембаев.

Қылмыс жасаған соң имам өз-өзіне қол салған.

Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру")  және 105-ші бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.

Полиция қылмыстың себебін нақтылаған жоқ. Имам көршісімен сөзге келіп, жүрегіне пышақ сұқты. Қарсыласы өлгенін көріп, өз-өзіне қол салған.

Екі ер адам да 51 жаста, бір сыныпта оқыған.

Ауыл тұрғындары имамды тек жақсы қырынан танитынын, алайда оның қызуқанды болғанын айтқан.