#
#
Бейсенбі 23/01/2020

Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті

  • 14.01.2020
  • 0
  • 200

Жамбыл облысы Бел теміржол станциясында "Алматы-Ақтөбе" жолаушылар пойызы екі ер адамды басып кетті, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 13 қаңтары күні Жамбыл облысында болды.

"Бел теміржол станциясында "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызы екі жұмысшыны басып кетті. Олар оқиға орнында қаза тапты", - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына Шу теміржол станциясындағы полицияның жедел тергеу тобы шұғыл жеткен.

"Қаза тапқан адамдардың кім екені анықталды. Олар – 33 және 44 жастағы теміржол компаниясының бірінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар. Бұл факт ҚР қылмыстық кодексі 344 бабы 3-тармағы (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Көліктегі полиция департаметінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Екі жұмысшының өліміне байланысты полиция тергеуді бастады", - делінген көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары адамдарға теміржолдан өткен кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ көліктегі полиция департаменті теміржолдан жаяу және машинамен өткен кезде арнайы орындар арқылы өту қажеттігі және теміржолдың маңайында баланы қараусыз қалдырмау керектігі туралы қатаң ескертті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР