30 нау, 2018 сағат 09:06

Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды

Жамбыл облысын прокурорының аға көмекшісі пара влды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 наурызда Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды.  Д.Әбдіхалық 1,2 миллион теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті. Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.