#
#
Сейсенбі 10/12/2019

Жамбыл Ахметбеков штабы шымкенттік жастармен кездесті

  • 23.05.2019
  • 0
  • 772

Президентікке үміткер Жамбыл Ахметбековтың Шымкент қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Қадырқұлов және партия комитетінің белсенділері Индустриалды-техникалық колледжде студент жастармен кездесті. Бұл туралы Қазақстанның коммунистік халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Қадырқұлов жастарға ҚКХП-ның сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Ол партия ұстанымының маңызына тоқталып, коммунистік тәрбиенің негізгі тетіктерін атап өтті. Сонымен қатар, партияның теріс құндылықтарға қарсы жұмыстарын тілге тиек етті.

Сондай-ақ қазіргі таңда жастардың мемлекет тағдырына алаңдаушылығы бәсең екенін, олардың түрлі оқиғаларға бейжай қарауы белең алып бара жатқанын баяндады. ҚКХП өкілі бұл жағдайды түзетуге барынша атсалысатынын жеткізді. Сонымен бірге, қалалық штаб жетекшісі қазіргі жастардың тәрбиесіне, ЖОО түлектерінің еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды.

«Бұл мәселелерді шешу үшін жаңа тәсіл қажет, қоғамның заманауи талаптарына сүйену керек» деді ол.

Нұрлан Қадырқұлов жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік жасау - ҚКХП басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. ҚКХП үміткері өзінің сайлауалды бағдарламасында жастар үшін алғашқы кепілденген жұмыс орнын енгізуді талап ететінін айтты.

Жиынға қатысқан жастар салауатты өмір салты, шәкіртақының көлемі, жастардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді көтерді.

Жиын соңында штаб жетекшісі жиналған көпшілікке алғыс айтып, жастарды президент сайлауына қатысуға шақырды.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар